Alstom компаниясының локомотиві Қазақстанда жылдамдық рекордын орнатты [fr] [ru]

JPEG
Alstom компаниясының KZ4AT жолаушылар электровозы Мойынты – Киік аралығында сынақтар кезіндегі 200 км/сағ жылдамдықпен өтіп, Қазақстанда жаңа рекорд орнатты. Бұл динамикалық сынақтар локомотивтің ең жоғарғы жылдамдықпен коммерциялық пайдаланудың қабылдау рәсімдерінің тарауы болып табылады.

Бұл сынақтар сәтті өткеніне және Қазақстанда темір жол тарихында алғаш 200км/сағ жеткендігіне өте қуаныштымыз және мақтан тұтамыз. Бұл рекорд жаңа Жібек Жолы арқылы Еуропа, Қиыр Шығыс, Азия мен Ресейді Қазақстан байланыстыратын болашақ көлік дәлізінің орталығы ретінде дамуының келешегі зор”, Оңтүстік ТМД кластерінің басқарушы директор Бернард Пелль айтап өтті.

Локомотивтерді шығару Alstom (50%), ҚТЖ (25%) және Трансмашхолдинг (25%) компанияларының бірлесіп ие болған Астана қаласындағы Электровоз Құрастыру Зауытында (ЭҚЗ) орналасқан.

Көпфункционалды локомотив Alstom компаниясының Prima модульдік платформасында әзірленіп, жолаушылар көлігі үшін ең тиімді шешімдермен операторларды қамтамасыз етуге арналған. Электровоз пайдалануда әлемде ең кең ауқымды болып табылады. Ол жолаушылармен бірге 200км/сағ дейін жылдамдықпен жүреді және -50°С-тан + 50°С-қа дейінгі температурада пайдалану үшін әзірленген. Локомотив ҚТЖ техникалық талаптарының негізінде және МЕМСТ стандарттары мен спецификациясына сәйкес әзірленген және Alstom компаниясы технологиясының және Alstom мен Трансмашхолдинг өндірген құрауыштардың негізінде құрылған тарту күшінің алдыңғы қатарлы жүйесіне ие.

14 000 км жол ұзындығы бар Қазақстанның теміржол желілері кеңдігі 1520 мм жолы бар көлемі жағынан әлемдегі үшінші желі болып табылады және дабылды құрал-жабдықтар мен техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстары үшін тұрақты нарық болып келеді.

Prima платформасы туралы

Prima ассортименті ауырсалмақты (негізінен Қытайда, Қазақстанда, Әзірбайжан мен Үндістанда), жүкжолаушы (Еуропа, Африка, Таяу Шығыс, ТМД) және маневрлі немесе жол жұмыстары (Еуропа) үшін локомотив нарығында барлық сегменттерді қамтиды. Prima электрлі және дизельді-электр қызмет жүйелерін, сондай-ақ гибридті және екі режимді жүйелерді қоса алғанда, инновациялық қызмет шешімдерінен тұрады.

Alstom компаниясы туралы

Тұрақты дамуды қамтамасыз етуге талпынып, Alstom компаниясы нарыққа теміржол көлігіне арналған кең ауқымды жүйелер, құрал-жабдықтар мен қызмет көрсетулерді әзірлеп, дамытып отырады. Alstom компаниясы нарықта ең ауқымды қызметтер: жылдамдығы жоғары поездардың жылжымалы составтарынан бастап метро мен трамвайларға дейін, сондай-ақ ілеспелі қызмет көрсету (техникалық қызмет көрсету, модернизация...) инфрақұрылым мен дабыл жүйесін ұсынады. Alstom кешенді көліктік жүйелер саласында әлемдік лидер болып табылады. Alstom компаниясының 2015-2016 қаржы жылындағы сату көлемі 6,9 млрд еуроны, тапсырыстардың көлемі – 10,6 млрд еуроны құрады. Компанияның 60-тан астам елдерде орналасқан кәсіпорындарында 31 000 қызметкер жұмыс істеуде.

Орталық Азияда Alstom компаниясы жолаушы және жүк электровоздардың (Астана) және жебелі тартпаларды (Алматы) өндіруші ретінде танылған.

БАҚ-на арналған байланыс:

Зәуре Рахметова – Тел. +7 701 889 33 45
zaure.rakhmetova@alstom.com

publie le 20/07/2016

Беттің жоғарғы жағын көрсету