Астана қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебіндегі француз секциясы [fr] [ru]

JPEG
Нұр-Сұлтан қаласында 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап «Назарбаев» білім қоры басқаратын «Мирас» халықаралық мектебінде француз секциясы жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтан қаласындағы француз секциясы француз және франкофон балаларды балабақшадан бастап негізгі мектеп соңына дейін қабылдайды.

Білім алатын шәкірттерге:

-  уақыттың шамамен үштен екі бөлігінде француз бағдарламаларын пайдаланатын мұғалімдер дәріс береді;
-  үштен бір бөлігінде "Мирас" мектебінің француз секциясынан тыс мұғалімдері сабақ үйретеді.

Педагогикалық оқу бағдарламасы

Бастапқы білім (балабақша және бастауыш мектеп.)

Бастапқы білім мульти-деңгейлі сыныптарда тікелей білім беру түрінде Францияның Білім беру Министрлігіне бағынатын мектеп мұғалімімен оқытылады. Сонымен қатар осы мұғалім Нұр-Сұлтан француз секциясының директоры болып табылады.
2014 жылдың қыркүйек айынан бастап осы деңгей француз Білім беру Министрлігімен ресми расталды.
2013 оқу жылында ашылған француз балабақшасы балалар дамуына арналған бірінші әдіснамалы білімді ұсынды. Француз тілінде білім алу -қазақстандық оқушыларға франкофон балалармен бірге француз бастауыш білімін үйренуге мүмкіндік береді. Бұл деңгейде білікті француз мұғалімі сабақ береді және аталмыш деңгей жақын арада ресми растамасын алуын күтуде.

Балабақшаның даярлық топ оқушылары мен CP ( Cours Préparatoires – дайындық сабақтар) және CE1 (Cours Elémentaires 1ère année – элементарлық сабақтар 1-ші жылы) оқушыларының басқосатын ортақ орындары бар, соның арқасында балдырғандарың оқу мен жазуды үйренуі оңайырақ болады.

Сонымен қатар, бастапқы білім беруде «француз тілін шет тілі ретінде оқыту» дипломы бар, қазақстандық маманның көмегіне жүгінеді. Дәлірек айтсақ, ол - франкофон емес балаларды сыныптарға беймідейді.

Орта білім.

Бұл оқу деңгейі Француз дистанциондық білім беру ұлттық орталығының (CNED) педагогикалық материалдар негізінде қашықтықтан білім беруі арқылы жасайды. Бұл – Нұр-Сұлтанда тұратын білікті екі француз мұғалімдерінің (жетекшілігімен) көмегімен іске асады:
- бірі – математика, жаратылыстану және экономика ғылымдарының маманы;
- екіншісі – гуманитарлық ғылымдар мен француз тілі сабақтарын беріп, тарих, география, философия және латын тілі сабақтарына әдіснамалық қолдау көрсетеді.

"Мирас" сайтында француз мектебіне арналған бөлім: ->http://www.miras-astana.kz/en/french_section/programme_scolaire/]

JPEG - 262.7 ko
Visite de Yamina Benguigui à l’école Miras, septembre 2013

Заңдық негізі


- 2011 жылдың 1 шілдесінде «Назарбаев» білім қорымен Француз зайырлы миссиясы арасында, «Мирас» мектебі Француз зайырлы миссиясына (MLF) мүше ретінде кіру Конвенциясына қол қойылды.

- Педагогикалық жұмысы бойынша француз секциясы шетелдегі Француз білім беру агенттігіне есеп береді. Аталған агенттік француз стандарттарына сәйкестігін бағалайды және ресми растамасын өткізеді ( растау – Француз ұлттық білім беру министрлігінен мұғалімдер іс сапарымен келуі қажетті шарт)

Француз секциясы туралы қосымша ақпарат алу үшін:
Француз секциясын басқару үшін жауапты: directionastana.miras@mlfmonde.org , ұялы тел. + 7 7711634503

publie le 17/08/2023

hautdepage