Астанадағы француз секциясы алтыншы жыл оқушыларын қарсы алды [fr] [ru]

Францияның Қазақстандағы елшісі Астана Таймс газетіне француз секциясы туралы ақпарат берді

JPEG

Астана каласындағы Мирас мектебінде ашылған Француз секциясы, биылғы оқу жылын 43 оқушымен бастады. Өткен жылмен салыстырғанда оқушылардың саны 40 пайызға өскен.

Сонымен қатар, биыл "Мирас" мектебі жаңа қызметкерлермен толықты. Олар – пән мұғалімі және Француз секциясының жетекшісі Пьер Калланс мырза мен бастауыш мектеп мұғалімі Марин Калланс ханым.

Осы жылдар ішінде Қазақстандық үш отбасы тұңғыш рет балаларын француз жүйесі бойынша оқытуға берді. Француз тілін шет тілі ретінде оқытатын тәжірибелі екі мұғалім осы оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Жаңа оқу жылында барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!

Елшінің « French School in Astana : Something We Are Proud of » атты ағылшын тіліндегі мақаласын «Astana Times» газетінің 29 тамыздағы санынан оқуға болады : http://astanatimes.com/2016/08/french-school-in-astana-something-we-are-proud-of/

publie le 23/09/2016

Беттің жоғарғы жағын көрсету