Францияға виза алу [fr] [ru]

2011 жылдың 3 қазанынан бастап қысқа мерзімді Шенген визасын беруде Франция мен Швейцария бір-бірін өзара алмастыруда.

Визаны Алматыда жасату

Алматыдағы Францияның Бас Консулдығы қысқа мерзімді Шенген визаларын (үш айға дейінгі мерзімге берілетін, 5 жылға дейін ғана күші бар визалар) Франция мен Швейцарияға саяхаттаймыз деген Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының тұрғындарына береді.
Алматыдағы Францияның Бас Консулдығына визаға тапсырыс беру немесе виза алу тәртібімен танысу үшін www.francevisa-kazakhstan.com веб-сайтын қарауыңыз, не +7 727 319 49 40 нөмірі бойынша қызмет көрсету орталығына хабарласуыңыз қажет.

Визаны Астанада жасату

Елдің басқа аймақтарында тұратын Қазақстан азаматтарына Франция мен Швейцарияға қысқа мерзімді Шенген визасын алу үшін Астанадағы Швейцария Елшілігімен байланысу керек.
Астанадағы Швейцария Елшілігіне визаға тапсырыс беру немесе виза алу тәртібімен танысу үшін www.eda.admin.ch/astana веб-сайтын қарауыңыз, не +7 7172 97 98 95 нөмірі бойынша хабарласуыңыз қажет.

Маңызды ақпарат

Астанадағы Швейцария Елшілігі Францияға ұзақ мерзімді визалар (үш айдан артық мерзімге берілетін), оның ішінде студенттік, іскерлік, сондай-ақ қысқа мерзімді медициналық визалар, стажировка өту және жұмыс істеу мақсатында жасалатын визаларды беруде құзырсыз болып табылады.

Алматыдағы Францияның бас Консулдығы өз кезегінде Швейцарияға берілетін визаның төмендегі түрлеріне жауапты емес:
-  ұзақ мерзімді визаларға;
-  бизнеске байланысты себептермен жасалатын қысқа мерзімді визаларға (оның ішінде жүргізушілер мен журналистерге де);
-  халықаралық конференцияларға қатысу мақсатында жасалатын визаларға;
-  оқуға байланысты жасалатын қысқа мерзімді визаларға;
-  медициналық себептерге байланысты жасалатын қысқа мерзімді визаларға;
-  Қытай, Эритрея, Ирак, Ливия және Сомали азаматтарының сұрауындағы визаларға.

Франция Швейцарияның атынан беретін қысқа мерзімді визалар үшін қажетті құжаттар тізімі мен толтыратын формалар өзгеріссіз қалады.

Визаңыз жөнінде сұрақ туған жағдайда +7 727 396 98 00 нөмірі бойынша Алматыдағы Францияның Бас Консулдығына, немесе +7 7172 97 98 95 нөмірі бойынша Астанадағы Швейцария Елшілігімен байланысуыңызды өтінеміз.

publie le 05/11/2012

Беттің жоғарғы жағын көрсету