Франция Елшісінің резиденциясында Шымкент қаласының ұстазы «Пальма Бұтағы» академиялық орденімен марапатталды [fr] [ru]

10 қазан 2016 жылы Француз Елшісінің резиденциясында Француз орталығының директоры және Шымкент қаласынын Француз Альянс Бастама Комитетінің негізін салушы - Ирина Пак ханым «Пальма Бұтағы» Академиялық Орден Кавалері иегері атанды.

JPEG

JPEG

Бұл атақ – Қазақстандағы француз тілі оқытушылары мен оқушылар буынының француз тілінің дамуына қосқан үлесі мен белсенді еңбектерінің жемісі іспеттес.

Француз тілін тарату - француз дипломатиясының басымдығы

Әлемнің барлық құрлығында француз тілінде сөйлейтіндердің саны 220 миллионға жетеді. Француз тілі – ең көп қолданылатын тілдер тізімінде 6-қатарда орналасқан, оның алдында қытай (бір миллиард сөйлеуші), ағылшын, хинди, испан және араб тілдері, ал артында португал тілі (сөйлеушілер саны 178 - 240 миллион арасында) орын алады.

Дүниежүзі елдерінің білім беру жүйесінде бар, шетелдерде шамамен 120 миллион оқушы және жарты миллион мұғалімді қамтитын француз тілі - ағылшын тілінен кейін ең көп оқылатын тіл саналады.

Халықаралық байланыс векторы ретінде француз тілі көп жақтық (БҰҰ, ДСҰ, ЭЫДҰ, ХЕҰ), еуропалық, африкалық ұйымдардың жұмыс тілі болып саналады .
Француз тілі - Facebook және Уикипедияда пайдаланылатын 3-тіл. Француз тілі - халықаралық экономикалық ортада қолданылаты тілдердің бірі, сондай-ақ дүниежүзіндегі байлықтың 15% құрайтын франкофон аймағының тілі.

Сонымен қатар, ол көптеген халықаралық шаралардың ресми тілі саналады, атап айтқанда 2017 жылы Қазақстанда өтетін іс-шараларды: Алматы Қысқы Универсиада мен Астана қаласындағы ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» көрмесінің ресми тілі.

Франкофония цифрмен:

• 320 000 оқушы, оның ішінде 62 % ұлты француз емес оқушылар шет елдерде орналасқан 488 француз лицейлерінде білім алады (олардың шамамен 40 Астана қаласындағы француз мектебінде оқытылады);
• 50 миллион оқушы –студент француз тілін шет тілі ретінде үйренуде (Қазақстанда 1200 оқушы);

Франкофонияның экономикалық әлеуеті:

• 2050 жылға қарай 770 миллион адам француз тілінде сөйлейді
• 2050 жылға қарай тұрғындар саны бойынша франкофония геосаяси кеңістігі 4-ші орында болады

Өркендеу және ықпал ету векторлары саналатын француз тілі мен франкофонияны дамыту үшін француз дипломатиясы келесі шараларды қабылдады:

• біздің шекарамыздың сыртында француз тілінің орынын нығайту мақсатындағы екі жақты саясат: француз тілін оқу жүйелерінде дамыту үшін жергілікті өкімет орындарымен ынтымақтастықты дамыту (екі шет тілі оқыту, оқытушылардың деңгейін көтеру және екі тілді білім беру) және француз мәдени оқу желілерінің қолдауымен тікелей білім беру.

• франкофон елдерін саяси біріктіруге ұмтылатын көп тарапты саясат. 1970-жылы Франция Халықаралық Франкофония Агенттігінің құрылуын қолдады.

Халықаралық Франкофон Ұйымы (OIF) негізгі тілі француз тілі болып саналатын 77 мүше және байқаушылар ретінде біріктіреді. Осы институционалдық франкофония - бейбітшілік, демократия, адам құқықтары, француз тілі мен мәдениетін дамыту.

publie le 14/10/2016

Беттің жоғарғы жағын көрсету