Франкофония 2017 бағдарламасы [fr] [ru]

PNG

4 наурыздан бастап 23 сәуірге дейін
Франкофония мерекесін атап өту үшін біз кезекті кездесуді Қазақстанның француз Альянстарында тағайындаймыз. Төртінші наурыздан бастап жиырма үшінші сәуірге дейін Астана және Алматы қалаларындағы француз Альянстары және олардың филиалдары мен Қарағанды, Қостанай, Шымкент пен Өскеменде орналасқан мәдени-білім орталықтары, француз тілінің маңыздылығына және франкофон елдердің байлығына ерекше көңіл аудару мақсатымен мәдени шаралар бағдарламасын ұсынады.
Жеті апта бойы бүкіл Қазақстан бойынша түрлі мәдени шаралар өтетін болады. Франкофония бағдарламасының басты тақырыбы "ортақ әлем" болып табылады. Осы тақырып 26 қаңтарда Қазақстанда алғашқы рет ЭКСПО-2017 көрмесіндегі француз павильоны бас комиссариатының қолдауымен Сорбонна-Қазақстан Институтының қабырғасында ұйымдастырылған " Идеялар түні " тақырыбы болды. Осылайша, мәдениет бетпе-бет кездесетін әлемде болып жатқан сілкіністер туралы, сондай-ақ, қандай әлемде біздің өмір сүре аламыз және өмір сүргіміз келеді туралы ойлануымыз қажет.
Сондай-ақ, осы жылдың мерекелер бағдарламасы болашақта Қазақстан халығына қолжетімділігін арттыру мақсатымен TV5 Monde халықаралық франкофон телеарнасымен жаңа ынтымақтастықты белгілейді.

JPEG

Сондықтан Франкофония бағдарламасы пәнаралық аспектіне бағытталып, келесі кең ауқымды мерекелерді ұсынады:
• Конкурстар мен викториналар: француз тілін үйрену немесе білімдерін жетілдіру үшін қалаушыларға;
• Көркем және поэтикалық мәнерлеп оқулары. Поэзияға келетін болсақ, ол әлемдік деңгейдегі " Ақындар көктемі " аясында өтеді;
• Элизабет Контоману джаз әншінің концерттері;
• Француз драматургі Ясмина Реза пьесасы бойынша театр қойылымдары;
• Еуропа, Солтүстік Америка және Африка елдері шығарған франкофон фильмдер аптасы.

Осындай жан-жақты және маңызды бағдарлама Ливан, Канада, Бельгия, Швейцария және Франция франкофон елдердің дипломатиялық өкілдіктердің қатысуысыз және француз Альянстары мен мәдени орталықтарының, Астана қаласы француз мектебінің ("Мирас" халықаралық мектеп негізіндегі), әр түрлі Қазақстан қалаларындағы көптеген мектеп оқушылары мен студенттерінің және де қазақстандық француз тілінің мұғалімдері мен оқытушыларының қауымдастығының қолдауысыз мүмкін емес еді.
Толығырақ ақпарат: http://culturefrance.kz/Programma-FRANKOFONII- 2017

Пайдалы сілтемелер:
-  Франкофония Халықаралық Ұйымы
-  Франкофония университеттік агенттігі
-  Қазақстандық француз Альянстары
-  Астана қаласындағы француз мектебі ("Мирас" халықаралық мектеп негізіндегі)
-  Франкофон әні - 2017 ұлттық конкурсы
-  TV5 Monde телеарнасы
-  Франкофония мерекесінің халықаралық платформасы www.20mars.francophonie.org
-  ЭКСПО-2017 көрмесінің француз тіліндегі сайтты
-  ЭКСПО-2017 көрмесіндегі француз павильоны
-  Француз Білім Министрлігінің сайтындағы француз тілі аптасы тұралы ақпарат
- «Dix mois dix mots, les dix mots de la francophonie»
- Африка тақырыбымен өтетін " Ақындар көктемі "

<

publie le 17/03/2017

Беттің жоғарғы жағын көрсету