Президент Олландтың Президент Назарбаевқа құттықтау хаты [fr]

Франция Президенті Франсуа Олланд Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, хат жолдады

JPEG

Президент мырза,

Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты тойланатын Ұлттық мерекемен шын жүректен құттықтағым келеді және Қазақстан мемлекеті мен халқына бақыт пен өркендеуді тілеймін.

Ширек ғасырда Қазақстан әлем мәселелеріне белсене араласа алатын маңызды актерге айналды. Оған дәлел ретінде Қазақстанның2017-2018 жылдар аралығындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелік етуін және алдымыздағы жылы Астанада орын алатын болашақ энергиясына арналған Халықаралық Көрменің ұйымдастыратынын мысалға келтіруге болады.

Соңғы жиырма бес жылдағы Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынастың ауқымдылығы көңіл қуантады және ол ұдайы дамуда.Осыған орай, Францияның, сіздің демеуіңізбен, Қазақстан мен Франция арасында орнатылған стратегиялық әріптестіктің әрі қарай дамуына ниеттес екенін білдіргім келеді. Сол себепті, француз компанияларын Қазақстанның зор потенциалын іске асыруға белсенді үлес қосуларына шақырамын. Нақтырақ айтқанда, энергетика, қауіпсіздік және транспорт салалары болып табылады.

Сенімділік мөрімен бекітілген және болашаққа бағытталған франко-қазақстандық әріптестікке жаңа ықпал беруде сіздің қолдауыңыз болатынына сенімдімін.

Президент мырза, Сізге деген зор ілтипатымды қабыл алуыңызды сұраймын.

Франсуа ОЛЛАНД

publie le 15/12/2016

Беттің жоғарғы жағын көрсету